Таипова Лейла Айсаевна » №5 орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"№5 Шонжы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-28-03
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-28-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Таипова Лейла Айсаевна
10
март
2022

Таипова Лейла Айсаевна

1. Тегі, аты, әкесінің аты: Таипова Лейла Айсаевна

2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны:  «Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің « № 5 Шонжы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

3. Жынысы:  әйел 

4. Туған жылы және туған жері: 12.29.1967 ж., Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы

5. Ұлты:  ұйғыр 

6. Білімі:  жоғары 

7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ 

8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен

марапатталған және марапатталған күні: жоқ 

9. Мекенжайы:Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, М.Теипов көшесі № 93 үй

10. Жалпы жұмыс өтілі: 32 жыл

11. Саладағы жұмыс өтілі: 32 жыл

12. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 17 жыл

13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегін көрсететін мінездемесі: 

      Таипова Лейла Айсаевна – педагогикалық еңбек жолын 1989 жылы Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Панфилов жеміс – жидек совхозының № 2 балалар комбинатының мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиешісі болып бастады. 

Бастауыш сынып оқушыларының логикасын дамытуға бағытталған белсенді әдіс – тәсілдер ұсынылған, тапсырманы әр түрлі тәсілдермен шешүге, логикалық ойлауға, оның тереңдігі мен икемділігін қарқанды дамытуға ықпал ететін « Қызықты математика» атты авторлық бағдарламасы 2019 жылы жарық көрді.

Ustaz tileqi Республикалық ұстаздар сайтында «Театр өнері. Ертегі кейіпкерлері» , « Өнер түрлері» атты авторлық материалдары 2019 жылы жарияланды. 

Дарынды балалармен жұмыс жүргізу нәтижесінде 3 – сынып  оқушысы А.Жалалова 2016 жылы ІІ орынға, 4 – сынып оқушысы С.Жалелова 2018 жылы ІІІ орынға «Ақ бота» интеллектуалдық марафонында, 3 – сынып оқушысы Д.Кадиров 2016 жылы «Кенгуру» интеллектуалдық байқауында ІІІ орынға, 1997-1998 оқу жылы  иеленді. «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Бастауыш сыныптар» пән бойынша республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді 3 – сынып оқушылары У.Тохтахунова мен Ш.Марипов, Д.Абдуллаев 2019 жылы І дәрежелі дипломымен марапатталса, 3 – сынып оқушысы М.Туглуков ІІІ дәрежелі дипломына иеленді.«Дарабоз» оқу орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Суреттер сөйлейді» конкурсына қатысып 4 – сынып оқушысы И.Иминов І орынға ие болғаны үшін І дәрежелі, 4 – сынып оқушысы Б.Джамалов ІІ орынға ие болғаны үшін ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. 2020 жылы І дәрежелі дипломымен 4 – сынып оқушысы М.Нуриева Республикалық Виртуалды Олимпиадаға математика пәнінен қатысып, 1 орынға ие болғаны үшін марапатталды

        Қоғамдық жұмыстардың алдыңғы қатарында жүріп, 1993 – 2004 жж Шонжы № 4 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, 2004 – 2005 жж Шонжы осы мектепте  педагог – ұйымдастырушысы қызметін атқарса, 2005 – 2021 жж оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болып, білім саласындағы жаңалықтар мен өзгерістерді іске асырып, оқу сапасының артуына өз үлесін қосты 2021 ж 24 желтоқсанында «Шонжы № 5  орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

        «Адамның адамшылдығы ең алдымен жақсы ұстаздан» - деп, ұлы Абай айтқандай, оның бірден-бір көрінісі-мұғалім шығармашылығы мен кәсіби құзіреттілігі. Лейла Айсаевнаның басшылығымен мектепте атқарылып жатқан істер тарих қойнауына енеді деп айтуға болады. 

2015 жылы Л.Таипова Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша оқыту курсын   аяқтап, сертификатталды.  

2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби дамыту  бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндегі мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтап, сертификатталды.

2017 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру ұйымдары басшылары орынбасарларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы оқыту курсын аяқтады, сертификатталды

Педагогикалық ұжымның жұмысы әрдайым бағаланып, Л.А.Таипова 2017 жылы мұғалімдер  күніне орай аудан әкімі Ш.Нурахуновтың «Құрмет грамотасымен», «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Нуровтың «Алғысымен», 2020 жылы  аудан әкімі Ш.Нурахуновтың «Алғыс хатымен», 2021 жылы « Жас менеджер» облыстық байқауына қатысып, облыстық білім беру оқу – әдістемеләк орталығының директоры А.Қабдұлованың «Алғыс хатымен»  марапатталды.