Мектеп тарихы » №5 орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"№5 Шонжы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-28-03
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-28-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2020

Мектеп тарихы

"№5 Шонжы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі. 2002 жылы 21 тамызда «Шонжы №5 орталау мектебі» ашылды. 2003 жылы 13  қараша күні «Шонжы №5 орталау мектебі» жаңа ғимаратқа көшті. Жаңа ғимаратты ашу лентасын ауданымыздың ардақты азаматы, соғыс ардагері Таубалдин Ұзақ ағамызбен мектептің силы мұғалімі Б.М Нурахунова кесті. Мектеп ғимараты 1960 жылы салынған, 150 орында, типтік емес. Жалпы көлемі 6068м2 . Ғимарат екі қабатты, кабинеттер саны -14, спорт залы мен асханасы жоқ. Жылыту жүйесі суйық отынмен жылиды. Мектеп орталық су жүйесіне қосылған. Мектептің алғашқы директоры Мушрапилова Замзагуль Төлеубековна. Мектепте 232 оқушы, 18 сынып комплект, 53 мұғалім жұмыс істеген. 2005-2010 жылдары Абдуллаева Мунира Фархатовна мектеп директоры лауазымын атқарды. 2011-2015 жылдары Юлдашева Бахтигуль Розахуновна басқарса, 2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Исмаилов Мухамеджан Муталимович басқарып келуде. 2019-2020 оқу жылы мектепте 59 мұғалім жұмыс істейді. Олардың 3 бала күтімінде. Мектепте 266 оқушы білім алуда.