Шонжы №5 орта мектебінде оқушыларға берілген буфеттік тамақ » №5 орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"№5 Шонжы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-28-03
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-28-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шонжы №5 орта мектебінде оқушыларға берілген буфеттік тамақ
11
март
2020

Шонжы №5 орта мектебінде оқушыларға берілген буфеттік тамақ

Шонжы № 5 орта мектебі  коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2019-2020 оқу жылында оқушыларды буфет тамақпен қамтуды ұйымдастырудың анықтамасы

2019-2020 оқу жылының қыркүйек- қаңтар айларында қамқоршылық кеңестің шешіміне сәйкес әлеуметтік мәртебеге ие 124 оқушы буфет тамақпен қамтамасыз етілді. Асхананы жалға алушы Г. Танашева есебінен 10 оқушы буфет тамақпен қамтамасыз етілген.
2020 жылдың ақпан айынан бастап жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыдан Қазақстан Республикасының №64 қаулысын басшылыққа ала отырып, қамқоршылық кеңестің шешіміне сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан 52 оқушы, толық жетім 1 оқушы  жалпы 53 оқушы бір мезгілдік тегін буфет тамақпен қамтамасыз етілді. Асхананы жалға алушы Г. Танашеваның есебінен әлеуметтік мәртебеге ие 10 оқушы буфет тамақпен қамамасыз етілуде. 
Буфет тамақтың бір күндік ақысы 1-11 сыныптар үшін 200 теңгені құрап отыр. 
 Буфетте 1 мұздатқыш, 1 электр плиткасы бар. Қазіргі таңда бұл құрылғылар жұмыс істеп жатыр. Мектеп буфетінде ыдыс-аяқ 100 пайызға жабдықталған. Буфетте бір адам жұмыс істейді, яғни бір буфетші бар.Бұл адамдардың барлығы медициналық тексеруден өткен, жұмыс істеуге рұқсат қағаздары бар. Буфеттің  жұмыскерінің  барлығы жұмыс киімдерімен, яғни халат, алжапқыш, бас киімдермен толық қамтылған.
Мектеп буфетінің санитарлық жағдайы, буфеттің жалпы тазалығы , азық- түлік сақтайтын қоймалар, азық-түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Ас блогы қызметкерлерін тексеріп - қарау журналы, дайын тағамдардың бракераж журналы, шикі тағамдардың бракераж журналы күнделікті буфетке түсетін азық- түліктер тіркеліп, сапасы мектеп медбикесі Г. Арзиева тарапынан күнделікті қадағаланып отырады. Сүт өнімдері мен ет өнімдері әр қайсысы белгіленген өз орындарында тұр. Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде жүргізілді. Буфетте «Бақылау асы» қойылған.Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексеріледі. Тамақ өнімдерінің сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы талапқа сай жүзеге асып отыр.
Жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыдан тамақтанатын оқушылардың күнделікті буфеттік тамақпен өз уақытында қамтылуы мектеп әкімшілігі, әлеуметтік педагог Н. Сраждин, мектеп медбикесі Г. Арзиева тарапынан қадағаланып тұрады. Мектеп буфетінде кезекшілік кестесі құрылған. Кезекшілік кестесіне сәйкес мұғалімдер өз міндеттерін уақытылы атқарады.




































































Похожие публикации:

11 март 2020 Мектеп тарихы