Ардақтайық ананы » №5 орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"№5 Шонжы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-28-03
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-28-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ардақтайық ананы
10
март
2022

Ардақтайық ананы

"Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№5 Шонжы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8-Наурыз әйелдер күніне арналған " Ардақтайық ананы" тақырыбында мектеп педагог- ұйымдастырушысы Аймера Момунова мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Аймера Момунова өз сөзінде: Ардақты аналар, аяулы әпкелер мен ару қарындастар! Сіздерді шын жүректен көктемнің шуақты мерекесі 8- Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз.
Бұл мереке Қазақстанда әйел қауымына деген шынайы құрметтің белгісі, сіздердің қоғам өміріндегі ерекше орындарыңыздың айшықты айғағы.  Бүгінде Қазақстан әйелдері- ол өсіп өркендеген Қазақстанды құру жолында жемісті еңбек етіп жүрген нәзік жанды азаматтар, білікті мамандар, шынайы патриоттар. Ана сүтімен бойға даритын Отанға деген сүйіспеншілік - елдің кемел келешегінің өзегі. Әйел - ана отбасының ұйытқысы, ондағы  сенімнің сақтаушысы, ұрпақ тәрбиесінің бауырмалдық, адамгершілік құндылықтарының қайнар сөзі. Еліміздегі толайым табыстар мен өркенді өзгерістерге бастайтын өрелі істер ең алдымен сіздердің аяулы аналық жүректеріңізден бастау алады, - деп өз ізгі ниетін білдірді. 
Іс-шара соңында мектеп директоры Л. Таипова мұғалімдерге мақтау қағаздарын табыстады, іс -шара ары қарай концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.