«Мәңгілік елдің- мәңгілік тілі» » №5 орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"№5 Шонжы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-28-03
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-28-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мәңгілік елдің- мәңгілік тілі»
25
апрель
2022

«Мәңгілік елдің- мәңгілік тілі»

Тақырыбы: "«Мәңгілік елдің- мәңгілік тілі»                    

Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, мемлекеттің тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Тіл тәуелділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
 Міндеттері:  Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Түрі: ашық сынып сағаты

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, әңгімелеу, аударма, жаттықтыру

 Тәрбие сағаттың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі  

Амандасу, сабаққа ынтасын аудару 

Психологиялық ахуал

Түрлі-түсті парақшаларды оқушылар  таңдап алады, сол түстер арқылы көңіл-күйін анықтау.

 Кіріспе:                                                                                                                              Армысыздар, қымбатты қонақтар! Ұлағатты ұстаздар,мен оқушылар!                                             «Мәңгілік елдің- мемлекеттік тілі»   деген кезде адам өмірінің мәні- өмір сынақтары арқылы рухани жетілу болса, адамдар қауымының мақсаты мемлекеттің ұлттық идеясы –«Мәңгілік ел»негізі, рухы биік тұлға ,бірлігі жарасқан халық, қуатты мемлекет қалыптастыру, ендеше «Мәңгілік Ел» атты бейне баянды барлығымыз бірге тамашалайық.

Интерактівті тақтада бейнебаян көрсетіледі 

Ана тілім, жүрегі сен анамның                                                                               Жүрек ана , мен өзіңнен жаралдым                                                                                              Сағат сайын саулығыңды тілеймін                                                                                                                                     Сенсіз мынау керегі не ғаламның!                                                                                                                                                                                            Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем                                                                                                            Сен арқылы тіршілікпен тілдесем 

-дей отырып бүгінгі «Мәңгілік елдің- мәңгілік тілі» атты ашық сынып сағатын  бастайық! 

Қазақ тілі-ғажап тілі.

Тіл кез-келген ұлттың мақтанышы,ұлттық белгісі.Ұлан байтақ жеріміз,тәуелсіз еліміз,ана тіліміз бар. Мағжан Жұмабаев айтқандай:«Тіл адам жанының тілмашы,тілсіз жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер,жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей қор болып қалар еді.Тіл әрбір адамға осындай қымбат нәрсе болмасқа тиісті.Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жыры,тарихы,тұрмысы,мінезі айнадай көрініп тұрады».«Ана тілін білмеген-ана сүтін татпаған»,-деп халқымыздың батыры Б.Момышұлы бекер айтпаса керек. Тілдің бүгінгі халқы мен ертеңгі болашағына алаңдаушылық та бар.Мына алдарыңызда тұрған оқушылар,келешектің азаматтары.Келешек осылардың қолында 

Оқушыларды топқа бөлу: 1-топ Мәңгілік ел      2- топ 

Сайыс 8 бөлімнен тұрады.

  Топқа бөліну 

1. Кім көп біледі? 

 2.Менің сүйікті ақыным

 3 . Қызықты ұйқастар.ҮІ. Кім мықты?.  

4.Кім жылдам? 

 5.Мағынаны аш.  

  1 бөлім.        “Атаның сөзі – ақылдың көзі”

                 (мақал-мәтелдер жарысы)

Әр топқа тақырып беріледі,сол тақырып бойынша қай топ қанша мақал-мәтелдерді білетінін анықтау.

  • Ітопқа берілетін тақырып. Дос,білім,еңбек.
  • ІІ топқа берілетін тақырып.Отан,тіл,отбасы .


  2 бөлім «Менің сүйікті ақыным»  (әр топтан өлеңді мәнерлеп оқу.)

1.Абай Құнанбайұлы.

2.Мұқағали Мақатаев 

3бөлім. Қызықты ұйқастар. 

Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

Ітоп: 1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).

2.Число-сан, кровь- ...(қан).

3.Молоко-сут, жди-… (күт).

4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).

5.Таможня- кеден, пол-...(еден).

ІІ топ: 

1.Возьми- ал, мед-…(бал).

2.Рыба- балық, народ-…(халық).

3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).

4.Город- қала, ребенок- …(бала).

5.Игра-ойын, шея-…(мойын).

4 бөлім. "Кім мықты?"Мұнда сіздерге сөздер берілген,сол сөздерден мақал-мәтел құрап жазасыздар. 

    1.Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады.

    2.Піл көтермегенді,тіл көтереді.

           3.Көз қорқақ,қол батыр. 

5 бөлім. «Кім жылдам?» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.

І топ берілген сөздер: жұлдыз, қайық, аю,ұшақ, айна, қоңырау, мысық, қолшатыр. 


2 топқа берілген сөздер: гимн,  гүл. кітап, жаңбыр, себет, үзіліс, қоян,  пойыз, 

Қорытындылау  

«Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі»