"Ыбырай Алтынсариннің ғибратты әңгімелері" » №5 орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"№5 Шонжы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-28-03
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-28-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ыбырай Алтынсариннің ғибратты әңгімелері"
25
апрель
2022

"Ыбырай Алтынсариннің ғибратты әңгімелері"

Мақсаты:

Қазақтың көрнекті ақын-жазушысы  Ыбырай Алтинсаринның өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру, әңгіменің тәрбиелік мәнін мәтінге сүйене отырып, ғибратты әңгімелерін насихаттау . Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, топпен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға машықтандыру, ойлау қабілетін дамыту. Өлең әңгіме арқылы еңбек ету, жақсылық жасау, адал, таза болу идеясын бойға сіңіру, еңбекқор, адамгершілігі мол, жақсылықты жаны сүйетін адам болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Слайд, ғибратты сөздер, плакат, стикер, маркер 


Түрі: дөңгелек үстел
 
 Дөңгелек үстелдің барысы:
 Кіріспе сөз:
 Құрметті,
 ұстаздар, оқушылар бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар!     Ұлылар ұлағатын ұлықтау және қоғам қайраткері, ұлы ағартушы педогог Ыбырай Алтинсариннің ғибратты әңгімелерін насихаттау  мақсатында ұйымдастырып отырған дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

-дей отырып, дөңгелек үстелімізді  бастайық


Топқа бөлу:

Өлең шумақтары бойынша топқа бөлу.Ы.Алтынсариннің                                               «Кел балалар оқылық!», «Өзен», «Ананың сүюі» өлеңдерінің шумақтарын                     қ ұрастыру  арқылы 3 топқа бөлінеді


Сандар сөйлейді

1-топ  

  1. 1841жылы, 20 қазан.

 (Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген)

  1. 1857 жыл 

(Оқуын « өте жақсы» деген бағаға бітіріп шыққан)


2-топ

      1)3-4 жас 

      (Әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында                

                                            тәрбиеленеді)

      2) 1859 жылдың тамызы

      (Өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады)


3-топ

  1. 1850жыл (Орынборда орыс-қазақ мектебі ашылды)
  2. 9жас 

(Орынбордағы орыс –қазақ мектебіне барған Ыбырайдың жасы)



Постер қорғау

Топтарға ортақ тапсырма

Әңгімеден үзінділер


Кім жүйрік? 

Әр топқа Ы.Алтинсариннің жинақтаған жұмбақтарынан  жұмбақтар жасырылатын болады.

  1. Топ 
  2. Отыз омыртқа, қырық қабырға, бәрін бастаған ауыз омыртқа.                            (киіз үй)
  3. Кішкене ғана безер, дүниені кезер.

   (Ақша)

  1. «Ти» десем - тимейді, «тиме» десем тиеді 

( ерін)


2-топ

  1. Үй үстінде –уақ тас

 ( жұлдыз)

  1. Әкесі ұлын көтереді, ұлы бөрігін көтереді

 (Үй керегесі, уық, шаңырақ) 

  1.  Елу  аяқты,екі қолды, салады елу аяқпен жалғыз жолды

 (ара)


3-топ

  1. Жаны жоқ болса да, ақылды адамдың ісін істейді 

(кітап)

  1. Айдың көлде алтын тас, ау салса да-алынбас

 (тас) 

  1. Кереге басында- ақ жаулы

 (күн сәулесі)


«Суреттер сыры» 

Әңгімелердің желісі бойынша суреттер салып, әңгіменің мазмұнын түсіндіреді

1-топ «Жаман жолдас»

2-топ «Малды пайдаға жарату»

3-топ «Аурудан-аяған күштірек»


«Жалғасын тауып көр»

Ы.Алтынсариннің жинақтаған мақал-мәтелдерінің жалғасын табу

1-топ

  1. Ісі жоқтың- ... (асы жоқ)
  2. ....- қылыштан өткір (тіл)
  3.  Берсең – аларсын, ... (ексең орарсың)


2-топ

  1. Өнерлі өлмес, ...(Өнерсіз күн көрмес)
  2. Жақсы сөз -... (жарым ырыс)
  3. Жері байдың-...( елі бай)

3-топ 

  1. Талапты ерге ...(нұр жауар)
  2. Ауру қалса да ... (әдет қалмайды)
  3. Жақсылық қылсаң, ... (бүтінқыл)



 Әділқазылар оқушылардың жинаған ұпайларын санап, қорытынды шығарады


YII. Қорытынды сөз:

Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы , тұңғыш қазақтың  елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы.Алтинсариннің шығармаларына , ағартушының еңбектеріне тоқталып,отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған , өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. 

Бар білімнің бұлағы

Әлеппеден басталар

Балғын бала білімі

Тауды бұзып, тас жарар!...

 Осымен қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсаринге арналған дөңгелек үстеліміз аяқталды.