Аучанова Луиза Майдановна » №5 орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"№5 Шонжы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-28-03
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-28-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Аучанова Луиза Майдановна
25
апрель
2022

Аучанова Луиза Майдановна


Мен, Аучанова Луиза Майдановна 24.01.1982 жылы Алматы облысы Уйғыр ауданы Шонжы аулында дүніеге келдім.  1989 -1999 жж Уйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылында Ғ. Садвакасов атындағы орта мектебінде орта білімімді білім алдым. 1999 – 2003 жж. КазГос ЖеНПИді аяқтап, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі деген мамандыққа ие болдым.
   2021-2022 оқу жылында 4 «Ә»  
10 «А» 11 «Ә»  сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін.
Осы оқу жылындағы өзекті мәселем:Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру,оқушының сөздік қорын байыту, қарым-катынастық қызметін меңгерту. Өз ойларын еркін жеткізу
 Диплом бойынша мамандығым: қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі. 
Санатым: 2
 Апталық жүктемем  8 сағат. 
Үйде оқийтын балаларым бар: 11 сынып оқушысы Беделжанов Ильхам және  4 сынып оқушысы Юлтузай
Оқыту барысында  сабақта сұрақ-жауап, бекіту, топтастыру, талдау, баяндау, зерттеу сияқты әдіс-тәсілдерді пайдаланамын. 
          Тіл  қандай да болмаса ұлттың, халықтың баға жетпес рухани қазынасы, ұлттық санамен байланысты мақтан тұтар ардақтысы. Сондықтан тілден тілдің кемдігі жоқ» деген ізгілікті принциптің қазіргі таңда қолданылуының ерекше мәні бар. Өз халқының қадір - қасиетін ұға білген жан ана тілін аяқ асты етпейді, өзге тілді де өзекке теппейді.
           Тіл өркениеті үшін күрес – екінші бір тілді кемсіту үшін күрес емес, ана тілінің қызмет өрісін кеңейту, оны  білім мен тәрбие, таным-түсініктің мықты құралына айналдыру үшін күрес. Тілдік қоғамдық қызметі өрістегенде ғана, ана тілінің көсегесі көгереді, дүние жүзіндегі дамыған тілдердің, өркениетті елу елдің қатарынан орын аламыз. Наурыз айында мектепішілік «Жыр шұғыла» апталығында менің  10 а сынып оқушым Жалелова Ирада орынға ие болды. Наурыздың 4 күні Шарын ауылының орта мектебінде өткен семінарға қатысып өзіме көп керекті ақпарат алдым. 
2022 жылы 9-18 наурыз аралығында 80 сағаттық инклюзивтік оқыту,     25 наурыз күні «БЖБ, ТЖБ жұмыстарын жоспарлау әдістемесі»  атты курстарды оқып сертификат алдым.
Менің біліп білмейтінім көп, ұстаз қай уақытта  болмасын оқушы көкейінде қалықтап, жүрегіне нәр құюы керек! Міне сонда ғана ұстаз-ұстаз болмақшы.
«Шәкіртсіз ұстаз –тұл»,- демекші алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде, мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесімді қоса бермекпін. Маған сіздің әдістемелік көмегіңіз керек және сізден, әріптестерімнен үйренерім көп деп санаймын.