Мамишева Гулжахан Вакасовна » №5 орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"№5 Шонжы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-28-03
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-28-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мамишева Гулжахан Вакасовна
19
апрель
2022

Мамишева Гулжахан Вакасовна

           Мен Мамишева Гулжахан 1985-жылы, 16- қараша күні Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Ардолайты ауылында дүниеге келдім.
Балалық шағым Дардамты ауылында өтті. 1992-жылы Дардамты орта мектебінің бірінші сыныбына қабылдандым. 2003-жылы Дардамты  орта мектебінің түлегі атандым. Сол жылы Алматы қаласындағы, Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің "қазақ тілі әдебиеті және ағылшын тілі" факультетінің күндізгі бөліміне оқуға түстім. 2008-жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің толық курсын бітірдім. Еңбек жолымды 2005-жылы Ардолайты орта мектебінде ағылшын және қазақ тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым. 2007-жылы "Мемлекеттік тіл-менің тілім" атты байқауында үздік өнер көрсеткенім үшін марапатталдым. 2012-жылы "Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге" қосқан үлесім үшін марапатталдым, "Жыл сынып жетекшісі-2013" байқауына белсенді қатысқаным үшін марапатталдым. Осы уақыт ішінде аудандық газет беттерінде "Келешегіміз-білімді ұрпақтың қолында", "Ұстаздар екінші ана", "Үйренуге көмегі тиер еді", "Алып анадан туады", "Жастардың азаматтық міндеттері" мақалаларым жарық көрды. Аталған мектепте 2013-жылға дейін жұмыс істедім. 2015-жылы №5 Шонжы орта мектебіне қазақ тілі әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Отбасылық жағдайыма байланысты жұмыстан өз еркіммен шығып кеттім. Содан кейін 2021-жылы  №5 Шонжы орта мектебіне ағылшын тілі пәні мұғалімі болып қайтадан жұмысқа тұрдым.  "Жыл мұғалімі-2022" мектепішілік байқауына қатысып, жүлделі 3-орын алдым. Тұрмыстамын, 3 баланың анасымын.Отбасымда: жолдасым Марселин, қызым Халинур 6-сыныпта оқиды, ұлым Марс 5 жаста, кіші ұлым Махир 2 жаста.