Нургазиева Анеля Тотиевна » №5 орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"№5 Шонжы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-28-03
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-28-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Нургазиева Анеля Тотиевна
25
апрель
2022

Нургазиева Анеля Тотиевна

1. Тегі, аты, әкесінің аты: Нургазиева Анеля Тотиевна
2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны:  «Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің « № 5 Шонжы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
3. Жынысы:  әйел 
4. Туған жылы және туған жері: 04.07.1983ж., Алматы облысы,Кеген ауданы,Бөлексаз ауылы
5. Ұлты:  қазақ
6. Білімі:  жоғары 
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ 
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен
марапатталған және марапатталған күні: жоқ 
9. Мекенжайы:Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Садыр көшесі №116 үй
10. Жалпы жұмыс өтілі: 15 жыл
11. Саладағы жұмыс өтілі: 15 жыл
12. Қазіргі еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 8 жыл
13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегін көрсететін мінездемесі: 
    Нургазиева Анеля Тотиевна – педагогикалық еңбек жолын 2007 жылы Алматы  облысы, Кеңдала  ауданы, №38 орта мектепте мұғалім болып бастады. 2008 жылы Алматы облысы,Кеген ауданы, Бөлексаз ауылындағы "Бөлексаз орта мектебінде" жұмысын жалғастырды. 2014 жылдан бері Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылындағы"№5 Шонжы орта мектебі"коммуналды мемлекеттік мекемесінде жұмыс атқаруда. Осы жұмыс атқарған жылдары оқушылардың жетістіктері болды. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша  оқушыларының логикасын дамытуға бағытталған белсенді әдіс – тәсілдер ұсынылған, тапсырманы әр түрлі тәсілдермен шешуге, логикалық ойлауға, оның тереңдігі мен икемділігін қарқанды дамытуға ықпал ететін2018 жылы «Қазақ тілінен тапсырмалар жинағы» тақырыбында авторлық бағдарламасы жарық көрді. 

2015 жылы «Қарадала» газетіне «Тіл-білімнің кілті» тақырыбында мақаласы жарық көрді. 2016 жылы  «Қазақ тілі мен әдебиеті» атты Республикалық   ғылыми-әдістемелік   педагогикалық    журналының    

5 нөмірінде  «Біздің қала. Біздің ауыл» тақырыбында сабағым   жарияланды.  2016   жылы «Копилка уроков»   ұстаздар сайтында  «Негізгі және туынды еліктеу сөздер», «Болымды және болымсыз етістіктер» тақырыбындағы ашық сабақтары жарияланды.

         2016 оқу жылы  Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өтіп, сертификатпен марапатталды.

2017 жылы  жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық ғылыми жоба жарысында 9-сынып оқушысы  Сирдашева Алинура  «Шәкәрім өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қағидалары» тақырыбында ғылыми жобасын  қорғап, жүлделі   ІІ орын алды.

2017 жылы аудан көлемінде сырттай өткізілген қазақ тілі пәні мұғалімдерінің «Ең үздік қазақ тілі сабағы» байқауына қатысып,  жүлделі ІІІ орынды иеленді. 

2017 жылы Аудан әкімі А.Тохтасуновтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

2018 жылы осы сайтқа «Отырар-өркениет қаласы», «Кім жылдам?» сабақтары баспасөз бетіне  жарық көрді.