Бурхандинова Малика Абдуганиевна » №5 орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі
"№5 Шонжы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72778) 2-28-03
Есепші бөлімі:
+7(72778) 2-28-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бурхандинова Малика Абдуганиевна
20
апрель
2022

Бурхандинова Малика Абдуганиевна

Мен, Бурхандинова Малика Абдуганиевна, 1987 жылдың 28 маусымында Жаркент қаласында дүниеге келдім.  Көп балалы жанұяда тәрбиелендім, менің үш сіңлім бар. 
      1993 жылы 1-қыркүйек күні тұңғыш рет Жаркент қаласының Біләл Назім атындағы мектебінің табалдырығына аттандым. Мектепте ең үздік оқушылардың бірі болдым. Мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға иелендім. Осы мектепті 2004 жылы ерекше аттестатпен бітірдім.
      2004 жылы Абай атындағы Қаз. ҰПУның физико-математикалық факультетінің математика мамындығы бойынша оқуға түсіп, оны 2009 жылы бітірдім.
     2012   жылы  Шонжы ауылы, Ұйғыр  ауданы, №5 жалпы білім беретін мектептен математика пәні мұғалімі болып бастадым. Аталған мектепте 10 жыл математика пәні мұғалімі болып жұмыс жасадым. Ең алғаш рет осы мектептен мұғалімдіктің қыры мен сырын меңгеріп, оқушылар алдындағы жауапкершілікті сезіндім.
       2012-ж     «аудандық математика пәні бойынша панарамалық сабақ» байқауына қатысып, 3-орынға ие болдым.
«Bilge» орталығында  «Bilgen-OySana» 1-деңгейін толық меңгергендігін  және нұсқаушы екендігін растайтын сертификат, 2017 жыл 
  • Интернет-сайт “Инфоурок” , сабақ тақырыбы: 7-сынып “Алгебрилиқ  кәсирләрни көпәйтиш, бөлүш вә дәрижигә чиқириш”     2018 жыл
  •   Интернет-сайт “Инфоурок” , сабақ тақырыбы: 6-сынып “Рационал сандарды салыстыру”    2018 жыл
  • Интернет-сайт “Инфоурок” , сабақ тақырыбы: 6-сынып “Алгебрилиқ қошунда”    2018 жыл
 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ БАСЫЛЫМЫ  “Білім   әлемі” ,  «Бірмүше» 2018 жыл
2018 ж «Педагогикалық олимп»  аудандық  байқауына қатысып, «Үздік әдістемелік құрал» номинациясына ие болдым. 
     2021-ж «Алматы облысы білім басқармасы» ММ «Облыс білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы» , «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі сапалы оқытудың кепелі» баспасында «Математика пәнін оқытуда жаңа әдістерді  қолдану» тақырыбында мақалам шықты.
   14.12. 2021-ж Аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен» марапатталдым.
  2021 ж Қазақстан Республикасы ұйғыр мәдениет орталығы қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хатымен» марапатталдым.